naz_aznabai

naz_aznabai

Share

Правильная клеточная питание.

01/06/2021

Махаббаттың көмегімен біз кез —келген кедергілерді шешеміз.

Сүйіспеншілік арқылы біз бір—бірімізге бере алатын қарым —қатынастан асқан керемет, жағымды және бақытты ештеңе жоқ.

Махаббаттың күшіне ешқандай кедергі жоқ.
Махаббат керемет жасай алады.

Сүйіспеншілік —бұл түсінбеушілік пен кедергілердің пердесіне ене алатын күш. Осылайша барлық кедергілерді шешіп, өмірді жаңа деңгейге шығарады.

27/09/2020

МАССАЖ ӘРҚАШАН БІЗБЕН БІРГЕ 🪔

МАССАЖ — медицина саласының бір ☝бөлшегі. Бірнеше ғасыр бұрын өте мықты 💪дамып, қолданысқа енген.

МАССАЖ — бәрінен бұрын Денедегі ісікті кетіреді. Ағзадағы артық сұйықтықты тері немесе несеп жолдары арқылы сыртқа шығарады.

Сол арқылы Лимфа тамырларының жұмысы жақсара түседі де Терінің түсін өзгертеді.

Денедегі ісінуді жоя отырып, ☝біз теріні қатайтамыз.

Қан айналымын жақсарта отырып дене құрлысын кислород пен толтыратын және иммунитетті қалпына келтіретін пайдалы микро— макро элементтерді, отегімен қанықтырамыз.

Лимфа жүйесіндегі кептелісті жоюдың себебі: "кірдің" (шлактың) тоқырауына байланысты терінің қартаюы жеделдейді.

Сонымен қатар МАССАЖ —бұлшық еттің жұмысын жақсартып, жеңілдетеді.

Ал, бір сағаттық эмоционалды стресте біздің бетіміз соншалықты бұзылуы мүмкін. Егер бұл стрес уақыт өте келе жойылмаса.......адамдар қатты өзгеріске ұшырайды.

МАССАЖ — арқылы жағымсыз көңіл —күйдің жақсаруына әсер ететіні таблеткалардан гөрі пайдалы.

МАССАЖ — адам оңайжасай алатын нәрсе.

Егер сізде МАССАЖ жасайтын маманға келуге уақыт болмаса

Сіз өзіңізге және жақын адамдарыңызға МАССАЖ жасап үйреніңіз.

#массаж #денсаулық #үйрену #оқу #өз өзіне массаж жасау #білім #аппаратты массаж #аздыру #жаңа дене бітімі #бет күтімі #массаж #

18/09/2020

АСҚАЗАН

Адам ағзасында орасан зор рөл атқарады.Ас қорту басты міндетті десек.......
Алайда көптеген ауруларды тудыратын тағамдар да жоқ емес ❌
Түрлі тағамдар, қазіргі заманда тез әрі майлы болып дайындалатын тағам түрлері, кез келген сауда орындарында кездеседі.

АСҚАЗАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ, ҚАНДАЙ АС ТҮРІНЕН???

Асқазанның ең бірінші жауы суық 🥶 тағам, салқын сусындар.

АСҚАЗАН СУЫҚТАН ҚОРҚАДЫ.

Біз бөлме температурасындағы жылы тағамдармен қатар тоңазқыштан суық, салқын тағамдарды алып пайдаланатын болғандықтан, кейде асқазан ауруын қай кезде пайда болғанын да байқамай қаламыз.

Әркез жылы тамақ ішіп ,

Денсаулығыңызды күтіп жүріңіз.

Асқазан нүктесі бетте қай жерде орналасқан, білгіңіз келеме???

Бетке қарап диагностика жасау онлайн сабағына қатысыңыздар.

#диагноз #диагностика #массаж #оқуға #үйрену #емдік #нүктелі #Алматы #Ақтау #Шымкент #Туркестан #Өскемен #Актобе #Орал #массаж #денсаулық #өнер #курсмассажа #Наз Азнабай #

06/09/2020

Массаждың әсері тереңде жатыр.

Ол—жүйкелі — рефлекторлы — гуморалды және механикалық — ықпал жасау.

Массаж жасағанда теріде, бұлшық етте, буындарда жатқан жүйке талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми қабына беріледі.

Массаж денедегі барлық сұйық заттардың қозғалысын арттырады.

Массаж халық медицинасының үлкен бөлігі.

Қазіргі кезде Шығыс және Батыс массажы— деп екіге бөлінеді.

#массаж #массаж #методикасы #әдісі #тәсілі #шығыс #батыс #массаж #Алматы #аппаратты массаж #нүктелі массаж #класикалық массаж #Шымкент #Актау #оқу #үйрену #

06/09/2020

Массаждың денеге тигізетін әсері:

«Массаж» —дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру.

Ол массажисттің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады.

Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы жауабын береді.

Массаждың әсері —өте тереңде жатыр.

#массаж #Алматы #Шымкент #Түркістан #Ақтау #массаж #спорт #красота #здоровье #сұлулық #дұрыс тамақтану #денсаулық #оқу #үйрену #

06/09/2020

МАССАЖДЫҢ ДЕНЕГЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ.

Массаждың алуан түрі бар. Көп таралғандары:

—Арқаға банка қою массажы. Емдік массаж түріне жатады.

Ауырсынуды басады. Ішкі ағзаның жұмысын жақсартады.

Қолданылатын банка түрлері:

—шыныдан, бамбуктен, керамикадан жасалады.

Бұл массаждың түрі көп сұранысқа ие.

Photos 29/08/2020

Анамның күнделігі

Біздің бала кезімізде қыз—жігіттер күнделік жазатын. Ал, қазіргі заманауи интернет дамыған кезеңде олар мүмкін блогерлер болар ма еді? Өз заманында.....

Анамның күнделігі ол көптеген жазбалардан тұратын дәптерлер болды. Сыртта сарайдың ішінде сөмкеде, жоғарыда ілулі тұрушы еді.....

Бір қызығы біз тығылып оқитынбыз.. Әрине, ол ішкі сыр, студенттік өмір, кездесулер, құрбылардың сыры.... болатын.

Әрі қызғанып та қалатынымыз тағы бар. Қазір еске түсіп, күліп отырмыз........

—Бала кезден мұғалім 👩‍🏫болуды, армандап өстім. Алайда құжат тапсырып, үлгермей қалғандықтан, ойда жоқта Түркістан қаласындағы Медициналық коледж (училище) оқыдым.

Емтиханнан жоғары деңгейде баға алып,оқуды жақсы аяқтадым.

Бұл күнделік жазбаларынан үзінді...

Photos 18/08/2020

📌Біз кез келген қиын жағдайда тез шешім қаылдауға бейім келеміз. Сол себепті іс насырға шауып, қателіктерге бой алдыруымыз мүмкін.

👆Психолог мамандардың айтуынша, әр мәселенің қалай өрбитінін жай ғана бақылау керек. Бір сөзбен айтқанда әліптің артын баққаның жөн.

⚠️Кінәліні іздемеңіз.

Өткен істі ой 🤔елегінен өткізіп, тек біреуге (сол сияқты өзіңізгеде) кінә артуға болмайды.

Жаман ойлаудың ең басты себебі біреуді кінәлаудан туындайды.

⚠️Ең басты жауымыз ашуымыз.

Ашу үстінде ауыр ойлардың жетегінде кетуіміз мүмкін. Ол жағынан біздің ашуымыз өзімізге жау. Ашуды жеңудің ең оңтайлы тәсілі жаяу🚶 қыдыру, 🧘медитация жасау. Әр түрлі жаттығулар жасау. Ашуланып тұрған кезіңізде жалғыз қалып, тынышталуға тырысыңыз.

⚠️Өзгелер не ойлайды,-
деп, бас қатырмаңыз.

Бұл жаман 👎ойдан арылудың тағы бір тәсілі. Өзгелер сіз туралы не ойласада, сіздің шын мәнінде жан дүниеңізде не болып жатқанын білмейді. Сол үшін өзгелердің ойы сізге не керк?

Өзгелердің пікіріне құлақ 👂түру, не айтатынын бағып жүру ең үлкен қателік. Ол сіздің уақытыңызды алады. Әрі жүйкеңізді жұқартады.

⚠️Шын мәнінде олай емес.

Сіз не ойласаңыз да, ол шын мәнінде олай болмай шығуы мүмкін. Сол себепті ойыңызда тек жаман 👎ой болатын болса, ол сіздің ішкі қорқынышыңыздың әсерінен. Сол себепті қорқыныштардан арылыңыз. Біздің эмоцияларымыз физикалық жағдайымыз ға байланысты.

⚠️Сіз сиқыршы емессіз.

Жаман ойлар көп жағдайға , өткен іске байланысты болады. Егер де....... Осы тіркестің салдарынан өткен іске сан рет өкінген боларсыз. Өз- өзіңізді қинамаңыз, өткен іс өтті. Оны өзгертетіндей сіз "сиқыршы" 🧙‍♂️емессіз. Өткен іс түгілі 1 секунд бұрынғы әрекетіңізді өзгерте алмайсыз.

⚠️Қиянат жасаған адамдарды кешіріңіз.

Бұл оңай дей алмаймыз, бірақ сіз үшін ең дұрысы осы қадам. Иә, сізге солай жасады. Иә, бұл сатқындық. Бірақ жамандық жасаған адам үшін емес ❌, өзіңіз үшін оны кешіріңіз. Бұл ең дұрыс шешім. Жаман ойдан арылудың ең оңай тәсілі де осы.

#жақсы ой #денсаулық #Алматы #Шымкент #Түркістан #Денсаулық #массаж #үйрену #

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address

Almaty

Opening Hours

Monday 10:00 - 17:00
Tuesday 10:00 - 17:00
Wednesday 10:00 - 17:00
Thursday 10:00 - 17:00
Friday 10:00 - 17:00
Saturday 10:00 - 17:00