belsendi.uzak.omir

belsendi.uzak.omir

Share

27-ге жуық тегін қызмет түрлері
Центр активного долголетия
Около 27 бесплатных услуг
📱8 705 220 15 00
☎️ +7 (7252) 53 02 08

11/07/2022

Белсенді ұзақ өмір орталығында ата-апаларымыздың эмоционалды көңіл-күйін көтеріп және қарттық пен келетін түрлі ауырулардың алдын алу мақсатында апта сайын психологиялық ойын-жаттығу тренигтер өтеді.
Психологиялық тренингті қызметалушыларымыз өте жақсы көреді, терапияны асыға күтеді. Психотерапия барысында қызықты жаттығулар мен техникалар жасалынады.

09/07/2022

Құрбан айт - Ұлық мереке! Алланың разылығы үшін шалып жатқан құрбандықтарыңыз қабыл болсын!
Құрбан айт Мүбәрәк болсын! Құтты болсын!

08/07/2022

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бүгін Қазақ елінде домбыра күні тойланып жатыр. Орталығымызда осы мерекеге арналған сазды концерт өтті. Ән-күй сүйер зейнеткерлеріміз осы кеште жан-жақты өнерлерін жайып салды.
Әр бір іс-шарамызды ұйымдастырушы, әзірлеуші, сегіз қырлы, бір сырлы Рысбек ағамызға үлкен алғысымызды айтамыз.

05/07/2022

ШЫМКЕНТТЕ БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНА НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНАН СЕНАТОР ЛЯЗЗАТ ҚАЛТАЕВА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

ҚР Парламенті сенатының депутаты Л.Қалтаеваның іс-сапар барысы Шымкент қаласындағы зейнеткерлерге арналған Белсенді ұзақ өмір орталығында жалғасты.
Қазір Шымкент қаласында 83 928 зейнеткер бар. Қарт адамдарға арнайы ашылған мекемемізде дәрігерлік тексеру, фитобар, емдік массаж бен физиотерапия кабинеті мен тұз шахтасы, сурет салу, қыш қолөнер шеберханасы мен еңбек терапиясы секілді 27 сауықтыру қызмет түрі бар.
  Зейнеткерлерімізге арнайы ашылған 25 орынға лайықталған бөлімшеде 3 мезгіл ыстық тамақ та бар.
Орталық жалғызілікті қарияларға 8 сағаттық күндізгі стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, сауықтыру орталығымызда 300-ге жуық зейнеткерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Зейнеткерлер йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қаралған. Қызметалушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға мүмкіншіліктері бар. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі түзілген. Біздің орталық қызметін алуға ниеттенген зейнеткерлер қажетті құжаттар арқылы өтінім бере алады. Қызмет түрлерінің барлығы тегін.

30/06/2022

"Белсенді ұзақ өмір" орталығының кітапханасында, Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мұра қалдырған қаламгер, Ұлы тұлға: Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" атты поэзия кеші болып өтті. Поэзия кешіне орталықтың белсенді қызмет алушы ата - апаларымыз белсене қатысты. Мағжан Жұмабаевтың түрлі тақырыпта жазылған әндері мен өлеңдері оқылды. Кеш соңында зейнеткерлеріміз іс-шараны ұйымдастырған кітапханашы:
Жанар Асқарқызы мен, сүйемелдеуші Рысбек Әмірбекұлына өз алғыстарын білдірді. Поэзия кеші өте қызықтыда, әсерлі өтті.

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Shymkent?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Website

Address

Адрес: Дулати 36. Филиал: Дулати 160
Shymkent