Amway - Эмвей

Amway - Эмвей

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Amway - Эмвей, Almaty.

22/12/2021

ЖАН ДҮНИЕНІҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІМЕН ӨМІР СҮРІҢІЗ💫

Сырт көздің не сырттың әңгімесі сіздің тыныштығыңызды қалыптастырмайды.

Өйткені олардың айтуымен сіздің жүрегіңіздің қалауы екі түрлі. Сондықтан айтқанға еріп емес, қалаумен қалап күн кешіңіз.

Ал,жан дүниенің үйлесімділігі дегеніміз- сіздің тыныштығыңыздың кепілі🙌.

#жандүниеніңтыныштығы
#ойлағанымдыорындаймын

21/12/2021

АРМАНДЫ МАҚСАТҚА АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ✅

Кез келген жерге жету үшін "ЖЕТЕМІН" деген мақсат керек.
Ал ,мақсат- арманнан басталады.

Арман деген- бір нәрсені қалайтының туралы ой. Егер ол қолжетімсіз болса- ҚИЯЛ деп, ал қолжетімді болса - АРМАН деп атайды.

АРМАН-адамдарды қанаттандырады,жігерлендіреді. Бірақ орындалмаған армандар тізбегі адамның алға басуына кедергі жасайды. Сондықтан, арманды тезірек мақсатқа айналдырып,қағазға түсіріп 📝,санаға бекіткен дұрыс✅

АРМАНЫҢЫЗДЫ ҚАГАЗҒА ЖАЗАСЫЗБА⁉️📝
БӨлісе отырыңыздар 👇👇👇

21/12/2021

БАРЛЫҒЫ ӨЗІҢІЗДЕН БАСТАЛАДЫ💫

Өткен күнге оралмаңыз, өкінбеңіз, кешіріңіз, босатыңыз, жіберіңіз, өткен күннің парақтарын📃 жабыңыз .

Бүгінгі өмірде өзіңізді табыңыз☝️

Нені көп ойлайсың, сол болады. Барлығының есебі бар.

Арманға жетер жолда кедергілерге қарамау. Бірінші өзіңнің ішкі әлеміңді өзгерту ,дұрыстау. Әр күні дұга жасау. Алла разылығы үшін жақсылық жасау. Сонда бәрі орындалады.🙌
#өмірліккеңес
#әрбіркүнжаңамүмкіндік

21/12/2021

БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІҢІЗ💭

Бүгін уақытыңыз жоқ, ертең күшіңіз қалмайды, ал арғы күні өзіңіз болмайсыз . Сондықтан еш нәрсені кейінге қалдырмаңыз ❗

#бүгінгікүннен

21/12/2021

МИ 🧠 ҚАРСЫЛАСУҒА ДАЙЫН ТҰРАДЫ..

Адам ойын өзгертіп, "істеймін,қолымнан келеді,лайықтымын" деген сияқты сөздерден соң, ми🧠 қарсыласуын қояды.

Мидың қарсыласуын жеңіп,армандарымыз орындалатынына сенейік 🖖.

Армандар орындалады ,тек оған сіз сенген кезде.

#армандарорындалады💫

20/12/2021

АДАМНЫҢ ЖАСАҒАНЫН АДАМ ЖАСАЙДЫ❗❗

Яғни ,сізге дейін біреу табысты бола алдыма, демек сізде табысты бола аласыз. Біреу жетістікке жете алдыма, сізде жете аласыз☝️. Бұл жерде біреу дегенім ,қандай да бір тылсым күші бар инопланеталық кейіпкер емес ,ол да сіз секілді екі қол,екі аяқтан жаратылған адам!

#мақсатыңайқынболсын👍✔👨‍🏫💯🚶‍♂️

20/12/2021

СЕНІҢ ҚОЛЫҢНАН БӘРІ КЕЛЕДІ❕❕

Иә, сен қаласаң таң қопарасың, қаламасаң сол баяғы диванный критик болып, "бір нәрсе істеу керек еді"-деп өміріңнің қалай зулап өткенін байқамайсың❗

Ең бастысы БАСТАУ! Тек бастап қана қоймай бір істі аяғына дейін жеткізу. Адамның мүмкіндігі шексіз. Шектеу тек біздің миымызда. Алла бәрімізді бірдей етіп жаратты.

#текқаналаға✊

20/12/2021

ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУ ҮШІН НИЕТ КЕРЕК, УАҚЫТ ЕМЕС ☝️

Табанды болумен барлық қиыншылықтар жойылады❌

Мүмкін емес нәрсе батылдықтың арқасында ,мүмкін нәрсеге айналады❗

Дүниені өзгертем деп әуре болма, дүниедегі ӨЗІҢДІ өзгерт 💯

⛔Бұдан келіп шығатын қорытынды ,адамның қабілеті мен білімі ғана емес,оның қалай ойлатыны маңызды❗❗☝️

#өміртамашасүребілгенадамға🤗

20/12/2021

БҰЛ ПОСТ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК.........

Парақшамның бағытын өзгертіп жатқандықтан, танысу постын жазуды жөн көрдім.

Есімім- ЖАЙНАТ,жасым 26 да, 2 баланың анасымын👩‍👦‍👦. Мамандығым- мейірбике ісі👩‍⚕️. Қазір декреттемін🤗
Алдағы уақытта инста парақшамды "Онлайн"саласын үйренуге арналған контентке айналдырамын деп шештім.
Күнделікті өмірімнің бөлшегімен де бөлісіп отырамын😊.
Сондықтан парақшамнан қызықты мәліметтер күтіңіз🤗.
#танысупосты
#постзнакомства

19/12/2021
Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Website

Address


Almaty