medsestry_atyrau

medsestry_atyrau

Share

Медсестра на дом

25/08/2022

ЕЛІМІЗДЕГІ БАРЛЫҚ АУЫЛДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
Кеңеске ведомство басшысы Ажар Ғиният, денсаулық сақтау вице-министрлері мен министрліктің департамент басшылары, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Ұлттық экономика, Қары министрліктерінің және бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиналыста ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту, ана мен бала денсаулығына қамқорлық, сатып алуды орталықтандыру және ақпараттық жүйелердің жұмысына қатысты мәселелер қаралды.
Ауыл мен қаланың денсаулық сақтау саласындағы алшақтықты қысқартуды көздейтін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасын әзірлеу туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев баяндама жасады.
Ол жоба аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жетіспейтін жерлерде медпункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулаториялар салу арқылы барлық ауылдық елді мекендер медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Бұған қоса құрамында инсульт орталығы, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдері бар және заманауи медициналық құралдармен (КТ, МРТ, УЗИ, ӨЖЖ аппараты т.б.) жабдықталған заманауи көбейінді ауданаралық ауруханалары ұйымдастырылады.
Мәселен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге МСАК нысандарының құрылысына нақты қажеттілікті анықтады. Қазіргі таңда ел көлемінде 655 МСАК объектісіне зәрулік бар, оның 228-і жаңадан салынады, 427-сі қазіргі объектілердің орнына салынады.
Сондай-ақ 20-сын жаңадан пайдалануға беру және бұрыннан бар 12-сін жаңғырту арқылы 32 көпбейінді орталық аудандық аурухана ұйымдастырылады.
«Көпбейінді орталық аудандық аурухананы ұйымдастыру аясында инсульт және кардиологиялық орталық, медициналық оңалту, травмотология, хирургия, жансақтау және қарқынды терапия, триаж жүйесі бар қабылдау бөлімін ашу, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықтау қарастырылған», – деп атап өтті Ж.Бүркітбаев.

25/08/2022
25/08/2022

МӘМС АЯСЫНДА ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫН 56 МЫҢҢАН 116 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҰЛҒАЙДЫ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қазіргі жай-күйі мен МӘМС қаржысы есебінен жеткен нәтижелер жөнінде Медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Ашуев айтып берді.
«Қаржыландырудың 2 еседен артық өскені арқасында 1 тұрғынға шаққандағы шығын 56 мың теңгеден 116 мың теңгеге дейін ұлғайды, тиісінше халықтың қалта шығыны 6,2%-ға кемуі байқалады.
Бұрын жеткілікті қаржыландырылмаған медициналық көмек түрлеріне қосымша қаржы бөлінді. Жоғарытехнологиялық медициналық қызметті қаржыландыру көлемі 3 есе, медоңалту мен косультативтік-диагностикалық көмек 11 есе ұлғайды», – деп атап өтті МӘМС қорының басқарма басшысы.
Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін өнім берушілердің саны едәуір артты, оның ішінде жекеменшік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлесі 27%-дан 51%-ға дейін өсті.
Сонымен қатар, Медсақтандыру қорының басшысы өнім берушілермен бірыңғай шарт жасасу және стратегиялық сатып алушы рөлін күшейту үшін ТМККК мен МӘМС қаржылық ағындарын біріктіру қажеттілігі жөнінде мәселе көтерді.

14/08/2022

МАУСЫМДЫҚ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР. ОЛАРМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ?

Маусымдық аллергиялық ринит және астма - ең көп таралған аурулардың бірі. Олар біздің ел халқының шамамен 25-35% - ында анықталады және өте жоғары өсу қарқынымен сипатталады.
Аллергиялық ринит белгілері мен астманың өршуінің маусымдық белгілері аурудың себебі болып табылатын өсімдіктердің гүлдену кезеңімен, тозаңмен сәйкес келеді.
* Сәуір - мамыр айының соңында қандыағаш, қайың, терек, емен гүлдейді.
* Маусым мен шілде айының ортасына дейін - дәнді шөптердің гүлденуі: көгалдар мен шалғынды шөптер, қара бидай, бидай және т. б.
* Шілдеден қазан айының басына дейін жусан, амброзия, қалақай және басқа да арамшөптердің гүлдену уақыты.
Сонымен қатар, ринит белгілері әртүрлі спецификалық емес факторлардың әсерінен пайда болуы немесе күшеюі мүмкін, мысалы, ағзаның бірнеше өсімдіктердің тозаңына сезімталдығының жоғарылауы, ЖРВИ-ге байланысты аурудың өршуі.

Аурудың орташа ауырлығымен ұйқы әдетте бұзылады. Ринит белгілері адамға жұмыста, оқу кезінде немесе спортпен шұғылдану кезінде өз міндеттерін толық орындауға кедергі келтіреді. Аллергиялық риниттің ауыр ағымында өмір сапасы едәуір нашарлайды, яғни жоғарыда аталған белгілер күнделікті белсенділікке айтарлықтай әсер етеді. Аурудың неғұрлым ауыр түрінде науқас жөтелмен, тыныс алудың қиындауымен алаңдауы мүмкін.

Аурудың ауырлауының қауіп факторлары: химиялық заттарды қолдану, тұқым қуалайтын бейімділік, пациенттің темекі шегуі, жүктілік кезінде ананың пассивті темекі шегуі және темекі шегуі, табиғи емес өнімдерді пайдалану, кәсіби зияндылық - құрылыс шаңы, автомобильдердің пайдаланылған газдары және т. б.

❗Алдын алу шаралары

Алдын алу шараларын сақтау өте маңызды. Бұл тозаңмен жанасуды, сондай-ақ оның көздің және тыныс жолдарының шырышты қабаттарына енуін болдырмайды.

Мұны істеу үшін бөлмеде және автомобильде терезелер мен есіктерді жабық ұстаңыз, ауаны желдету құрылғыларын қолданыңыз, сыртта болу уақытын шектеңіз немесе маскалар мен көзілдіріктерді қолданыңыз.

Жаяу жүргеннен кейін мұрын мен көздің гигиенасын жүргізген жөн. Мүмкін болса, денеден тозаңды кетіру үшін душ қабылдаңыз.

Гипоаллергенді диетаны ұстану маңызды, оған цитрус, өрік, шабдалы, киви, ананас, қауын, жаңғақтар, балдыркөк, қызыл бұрыш, кориандр қабылдауды айтарлықтай шектеу кіреді.
Сондай-ақ ерте сезімталдыққа ықпал ететін фактор ретінде темекі шегуден бас тартуға, дәрілік заттарды дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қабылдауға кеңес береміз; тітіркендіргіш заттарды (кір жуғыш ұнтақтар, күшті жуғыш заттар, еріткіштер, бензиндер, желімдер, лактар, бояулар, жиһаз, еден, кілем және т.б. тазалау үшін әртүрлі заттарды) пайдаланбауға кеңес береміз.

Қол терісінің өсімдіктермен, сондай-ақ көкөністер мен жемістердің шырындарымен жанасуын болдырмау керек; жүннен және синтетикалық материалдардан жасалған өрескел киім киюге болмайды. Мақта маталарынан жасалған киімді киген жөн.

Тозаңмен жанасуды күшейтетін фактор ретінде көшеде қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болған жөн.

❗Емдеу
Дәрі-дәрмек терапиясын жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт немесе педиатр тағайындай алады. Осы аурулардың диагностикасы пациентті одан әрі жүргізу тактикасы туралы мәселені шешу үшін өршу болмаған кезеңде (қараша-ақпан) жүргізіледі.
Біздің елімізде ГОМБП және МӘМС аясында аллергодиагностиканың барлық түрлері бар. Олар қоздырғыш аллергенді және аллергенге тән иммунотерапияны жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін қолданылады. Емдеудің бұл түрі нақты көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге ие. Терапияның бұл түрі туралы шешімді аллерголог қабылдайды.

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Atyrau?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Address


Atyrau

Opening Hours

Monday 09:00 - 20:00
Tuesday 09:00 - 20:00
Wednesday 09:00 - 20:00
Thursday 09:00 - 20:00
Friday 09:00 - 20:00
Saturday 09:00 - 20:00
Sunday 09:00 - 20:00