lor_v_zakone_kzo

lor_v_zakone_kzo

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from lor_v_zakone_kzo, Health/Beauty, Айтбаева 33, Kyzylorda.

Photos from lor_v_zakone_kzo's post 22/09/2022

Жалт қараттым ба, көп қараттым ба? Былайынша күндері түрімізден адам түгіл, ат үркитін болған соң, айнаға қарауға да ұялушы едім. Мына суретіме қарай бергім келеді-ау, қарай бергім

28/07/2022

“КРОКОДИЛОВЫ СЛЕЗЫ”
Жылап ішіп, шыңғырып т…ды - деген мәтелді естіген шығарсыздар. Так вот! Бет нерві зақымданғаннан кейін, дұрыс емес регенерация болса, қалыптыда төменгі жақ асты сөл безін иннервация жасайтын нерв, көз жасы безін иннервациялай бастайды. Содан кейін тамақ ішкен кезде, сөл бөлінудің орнына көзден жас ағады.

P.S. Тәәк. Неге жылап ішетінін білдік. Неге шыңғырып нететінін білмедім. Бәлкім ащы тамақ жегеннен болар🤔

12/07/2022

ДППГ - доброкачественное пароксизмальное позиционное головокружение.
Бұл кезде адам басын қозғалтқанда, төсекте қозғалғанда кенет қатты бас айналу болады. Ол жағдайда бірден МРТ -ға, лабороторияға немесе басқа да тексеру әдістеріне жүгіріп, қалта-қалта дәрі-дәрмектер қабылдаудың қажеті жоқ. Жәй ғана осы сияқты маневрлар жеткілікті.
🏥 Клиника Аксауле мед.
Айтбаева 33
📞 26-12-72
📞 87003396447
📞 87013711199;

17/06/2022

Лайық болсам, лайк болсын

17/06/2022

Мұрыннан қан кету дегеніміз - мұрын қуысындағы қан тамырларының бүтіндігінің бұзылысы салдарынан болатын жағдай. “Мұрыннан қан кету” өз алдына диагноз емес, басқа ауруларда кездесетін бір симптом.
Локализациясы бойынша:
🌗Мұрын қуысының алдыңғы бөлігінен(Киссельбах аймағы)
🌓Артқы бөлігінен - деп бөлінеді.
Себептері:
🥊Жарақаттық(оған қатты сіңбіру мен мұрынды саусағымен шұқу да жатады)
🩸Мұрын куысыны дистрофиялық аурулары: атрофиялық ринит,Мұрын шеміршегінің қисаюы және перфорациясы, спецификалық аурулар(тубеокулез, сифилис,Вегенер гранулематозы)
🩸Қан қысымының жоғарылауы
🩸Қан аурулары
🩸Қан тамыр аурулары
🩸Инфекциялық аурулар
🩸Бауыр,бүйрек аурулары, аутоиммундық аурулар
🌡Қан кеткен жағдайда - бірінші науқасты отырғызу керек. Басты шалқайтып немес жатқызса қан тамаққа қарай кетіп, лоқсу шақырады.
Бинттен шарик жасап, сутегі асқын тотығы 3% немесе нафазолин сияқты т.б. мұрынды ашатын тамшылар батырып, мұрын қуысына салып, мұрынды екі жағынан қаттырақ 2-3 минут қысып тұрса, көп жағдайда қан өзі тоқтайды. Тоқтамаған жағдайда Лор дәрігеріне қаралу керек. Біздің мекен-жай👇
🏥 Клиника Аксауле мед.
Айтбаева 33
📞 87013711199; 26-12-72
📞87003396447

04/06/2022

Жар басында отырып, жайын аулап жемекпіз.
Ау-жылым яки қармақ жоқ
Білімге бай болмақпыз.
Үйренуге үлгі-үгіт
Жақсы алдына бармақ жоқ
(Тұрмағанбет Ізтілеуов)
Алматыда өткен конгресстен алған білімімді әріптестеріммен бөлісу сәтінен үзінді.
“Доброкачественное пароксизмальное позиционное головокружение” диагнозы кезіндегі бас айналу шағымы ешқандай дәрі-дәрмексіз, осындай әдістермен(маневр) емделеді
берген білімді скопировать-вставить ете салғандай болдық😉.

12/04/2022

Құлақ құлығының(ушная сера) қызметінің бірі - осы сияқты жәндіктердің құлаққа кіріп кетуінен қорғайды. Егер сіз құлақты жиі тазалап қоя беретін болсаңыз, жәндіктер осылай аяғын сүртпестен, есіктен кіріп, төрден бір-ақ шығады
❗️Ескерту. Жәндікті өз бетіңізше шығаруға көп тырыспаңыз.
🏥Если что Айтбаева 33 мекен-жайында орналасқанбыз
📞 87013711199; 26-12-72

01/03/2022

Әуендетіп, нотаға дәл түсе отырып оқу керек. Ал, кеттік.
Сен мені Лорға үйреттің
Қармақшыда жүрген едім
Аудиограмма оқуды үйреттің
R-грамма оқушы едім - деп әуендете отырып, осы бір шумақ өлеңім арқылы 1 Наурыз алғыс айту күніне орай, Клиникамыздың директоры, ұстазым, ағам Байнаев Алмат Айтуарұлына(.bainaev )өз алғысымды білдіргім келеді.
Алеке кімге премиальный беру керек екенін білдіңіз ғо😉😀

01/03/2022

🌿Ақбас егіп едім, бітік шықты дегендей(Бақшамызда Ақбас деген арамшөптен басқа дым шықпаған кезде Папамның біреуге айтқаны ғой)
Мына құлаққа саңырауқұлақ бітік шығып тұр екен.
Диагноз: Отомикоз.
Белгілері:
👂 қышуы
👂ауыруы
👂шуылдауы
👂аздап бөлінді ағуы
Емі:
🚿 Құлақты күнделікті медициналық тазарту
🍄 Зеңге қарсы жергілікті және қажеттілігіне байланысты жүйелік препараттар қолдану
🏥Ақсауле-мед клиникасы. Айтбаева 33. Және тек қана инста және ФБ достарым үшін жеке номерім: 📞 87013711199

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Kyzylorda?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Website

Address


Айтбаева 33
Kyzylorda