zina_tarkhanovna

zina_tarkhanovna

Share

Денсаулык зор байлык!!!!

23/03/2023

Құрметті Аралдықтар. Сіздерді Ұлыстың Ұлы күнімен қатар келген Рамазан айымен құттықтаймын. Мен сайлауда аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мамитанова Ләйланың сенімді өкілі болдым. Ел аралап, ауданға белгілі кәсіпкердің жасаған және алда атқаратын жұмыстарымен бірге таныстырдық. Ләйлә ханымның орталықтағы коммуналдық базарды қайта жаңғыртып, халық игілігі үшін үлкен шаруалар атқарғанына халық куә. Сондықтан да осы сайлауда тұрғындар сеніміне ие болып, жеңіске жете білді. Барша қолдаушылар ризашылығымды білдіремін. Жақсылық пен Рахымның айы Ораза құтты болсын!

29/05/2020

Үсік шалған кездегі алғашқы медициналық көмек

Үсікке шалдыққан адамның терісіне кез келген крем жағуа, спиртпен сүртуге,қармен ысқылауға, ыстық пеш немесе отқа жақындатуға болмайды. Адам терісі төмен температураның әсерінен дене мүшесінің кей бөлігінің зақымдануы (тіпті жаны кетуге дейін) болып табылады. Көбінесе үсінуге шалдығу қыстың суық мезгілінде қоршаған орта
температурасы  –10oС - –20o С төмен кезде болады. Көктемде және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт, әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да үсінуге шалдығуға болады.
Аязда тар және дымқыл киім мен аяқ киім кию, қатты шаршау, ашығу, ұзақ уақыт қозғалыссыз және ыңғайсыз болу, алдыңғы суықтан алған жарақаттың болуы, аурудың нәтижесінде болған ағзаның әлсіреуі, аяқтың тершеңдігі, аяқ-қол буындарының және жүрек-тамыр жүйесінің созбалы аурулары, қан жоғалтумен болған ауыр механикалық зақымданулар, темекі шегу үсуге шалдығуға әкеп соқтырады.

Статистика бойынша адамдардың қаза болуына және аяқ-қолын кесуге әкеп соқтыратын барлық ауыр үсінуге шалдығулар күшті алкогольдік мас болу салдарынан болатындығы көрінеді.

Үсінудің төрт дәрежесі болады.

Үсінудің І дәрежесі (аса жеңілі) аз уақыт суық әсер етуінен болады. Терінің жаны кетпейді. Ондай үсінуге шалдығудың бірінші белгісі – зақымданған жерлердің жансыздануына әкеп соқтыратын күюді, шаншуды сезіну. Содан соң тері қышиды және ауырады, олар аса мәнді және аса көрнекті болмауы мүмкін.

ІІ дәрежелі үсіну ұзақ уақыт суық әсер етуінен болады. Оған аса тән белгі – зақымданудан кейінгі бірінші күні түссіз сұйықтық толған көпіршіктің пайда болуы. ІІ дәрежелі үсінуден соң ауруды І дәрежелі үсінуге қарағанда ұзағырақ және тереңірек сезінеді, тері қышиды және ауырады.

ІІІ дәрежелі үсіну кезінде температураның төмендеуі және ұлпаға суық әсерінің ұзақтығы артады. Бастапқы кезде пайда болған көпіршіктердің іші қанға аралас, түбі қоңыр-көк болады және тітіркендіргіштерді сезбейді. Терінің барлық элементтері өледі де соңында бітеледі және тыртықтар өрістейді. Түсіп қалған тырнақтар қайтадан өспейді немесе  пішіні бұзылып өседі. Өлген ұлпалардың түсуі 2,3-аптада аяқталады, одан кейін тыртықтанады, ол 1 айға дейін созылады

Photos 26/05/2020

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады.

✅ 3. Жара аузына бал (әсел) жаққан да өнімді.

✅ 4. Шикі жұмыртқаның ағы мен балды араластырып, жара аузына жақсаңыз қабынуды қайтарады және ауырғанды тоқтатады.

✅ 5. Алмұртты жапырақтап кесіп, жара аузына біраз уақыт таңып қойсаңыз ауырғаны тоқтайды.

✅ 6. Кішкене балалардың күйген жарасына 25 грамм қарабұршақты қою етіп қайнатып, жара аузына жақсаңыз өнімі жақсы болады.

✅ 7. Жеңіл күйік жарасы болса құрғақ шәй жапырағын отқа қақтап, сумайға араластырып, жара орнына жақсаңыз ісікті қайтарып, ауруды тоқтатады.

✅ 8. Қол немесе аяқтың терісі күйіп, зақымдалғанда дереу спиртке малған жөн. Бұл қызарып, су көтерілудің алдын алады. Егер осылай бірнеше рет жалғастырсаңыз күйген орын ақырын-ақырын қалпына келетін болады. Мақтаны спиртке малып, күйген орынды ауық-ауық сүртіп отырсаңыз да өнімін көре аласыз.

✅ 9. Дене май немесе қайнаған суға күйген жағдайда өсімдік майын қолданыңыз.

✅ 10. Күйік орнына кірсабын жақсаңыз да ауырғанды басып, ісіктің алдын алады. Кері әсері жоқ. Тек белгілі уақыттан соң жуып тастаңыз.

✅ 11. Бұдан сырт тіс пастасын жақсаңыз ауырғанды тоқтатып қалмастан, су көтеріліп, ісіктің, қабынудың алдын алады.


#терікутімі

25/05/2020

Ал, енді, миыңыз сізден қандай тағам күтеді екен?

✅ Шикі бадам. Ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті Е дәрумені бар.

✅ Кешью. Есте сақтау қабілетін дамытады, антиоксиданттарға бай.

✅ Грек жаңғағы. Ойлау қабілетіне жағымды әсерін тигізетін омега-3 майлы қышқылына бай.

✅ Қара шоколад. Антиоксиданттарға бай болғандықтан, қара шоколад та пайдалы тағамдар қатарында. Қызығы, шоколад неғұрлым қара болса, оның ағзаға тигізер пайдасы да соғұрлым көп. Тағы бір жайт, шоколад құрамында мұқияттылықты арттыра түсетін кофеин де бар.

✅ Алма. Құрамында антиоксиданттар мен талшықтар бар. Бонус: талшық бізде көп уақытқа дейін тоқтық сезім сақтайды да, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

✅ Авокадо. Жоғарыда атап өткен омега-3 майлы қышқылына қанық. Ал бұл, өз кезегінде, ойлау қабілетіне жағымды әсер береді.

✅ Қаражидек. Бұл жидек антиоксиданттар мен антоцианға аса бай. Антоциандар қаражидекті қара-көк түске ғана бояп қоймай, сонымен бірге диабетке қарсы белсенді күрескерлердің біріне жатады.

✅ Даршын. Дәмдеуіштердің түгелі дерлік антиоксиданттарға бай, ал осы тізімдегі бірінші орынды даршын иеленеді. Антиоксиданттар есте сақтау мен ойлауға көмектеседі.

✅ Орегано. Антиоксиданттарға тек дәмдеуіштер ғана емес, шөптер де өте бай келеді.

✅ Қырыққабат, шпинат және басқа да жасыл жапырақтылар. Темір мен фитонутриенттер (өсімдіктердегі табиғи-химиялық заттар) көптеген аурулардың алдын алып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

✅ Кофе. Шоколад сияқты, кофенің құрамында антиоксиданттар мен кофеин бар.

✅ Тәтті картоп (батат). Фитонутриенттер, талшық және А дәруменіне толы.

✅ Кокос майы. Бұл май тікелей ми жұмысына емес, метаболизм мен салмақты бақылауға көмегін береді. Ал семіздікті болдырмау миға жақсы әсер беретінін жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.

✅ Зәйтүн майы. Антиоксиданттар, қанықпаған майларға бай. Сонымен бірге, жүрек ауруларын алдын алуға да пайдалы.

✅ Балапан еті. Протеинге өте бай, бірақ дене бітіміңізді қалпында сақтайды.

✅ Жұмыртқа. Ақуызға өте бай, сонымен қатар салмағыңызды бірқалыпты етіп сақтауға көмектеседі.

✅ Албырт. Миға күшті қуат беретін омега-3 тұнып тұр.

Photos 23/05/2020

Қыстық жүннен тігілген киімдерді жуғанда суға 1 шай қасықпен глицерин құйыңыз. Сонда жүн киімдер жұмсақ болады.

Егер кір машинаңызға түрлі түсті киімдер салатын болсаңыз, 2-3 ас қасық тұз салып жіберіңіз, сонда киіміңіздің бояуы шықпай, түсін сақтап қалады.

Синтетикалық киімдер күтімді қажет етеді. Оларды өзге киімдерге қарағанда жиі жууға тура келеді.

Егер көйлек 5-6 рет киілген болса, оны жуу керек. Өйткені синтетикалық маталардың ішкі тысы теріге тигенде ластық тудырып, киімді кірлетеді.

Жүннен тігілген тоқыма киімдерді жуғанда суға 1 ас қасық ас содасын қосып жіберіңіз. Ол киімінің түсін сақтап, жүннің иісін кетіреді. Соңынан киімді жақсылап шаю керек.

Ақ шұлық, гольфилерді 1-2 сағат 1-12 ас қасықпен бор қышқылы қосылған суға қойып қойсаңыз, олар аппақ болып шығады.

Түкті орамалдар мен халаттар жұмсақ болу үшін, оларды жуып болған соң тұзды суға салып қойыңыз. Үтіктемеңіз.

Перделерді жуғанда аздап сүт қоссаңыз, олар жаңа қалпындай болып шығады.

Іш киімдерді аппақ қылып жуу үшін 10 литр ыстық суға 1 ас қасық нашатыр спиртін қосу керек.

Жол жүргенде , қонақ үйге орналасқанда иімдерді полиэтиленді пакетте сақтаған дұрыс. Сонда шұлық , колготки секілді киімдер бүлінбейді. Әрі кір жуатын ұнтақты үнемдеуге болады.


#денсаулық

Photos 22/05/2020

Суды көбірек ішіңіз.Қайта қайта қайнатпаныз. Ағзаны қалпында ұстау үшін күніне 2 литр су ішу керек. Одан артық ішудің қажеті жоқ. Екі литрден артық су ішсеңіз, су ағзадағы зиянды бактериялармен бірге пайдалысын да алып кетуі мүмкін. Егер нақтырақ айтатын болсақ, әр адам өзінің бір келі салмағына 30 мл су ішкен дұрыс. Мысалы, сіздің салмағыңыз 70 келі болса, онда күніне екі литр су ішесіз. Ал салмағыңыз 80 келі болса, 2,5 литр су пайдаланасыз. Жаңғақ жеңіз, ол өмірді ұзартады Жаңғақты күн сайын жесеңіз де артық емес. Өйткені, оның құрамында Е дәрумені бар. Сондай-ақ, жаңғақ адам ағзасының қартаю процесін баяулатады. Ең пайдалы жаңғақ деп грек жаңғанын атауға болады. Грек жаңғанын күніне 100 грамнан артық жемеңіз, өйткені, шамадан тыс жеудің де өзіндік проблемалары бар. Күнбағыс шемішкесін де аздаған мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес. Тек тісіңізді сақтау үшін оны қолмен шағыңыз. Газ плиталарынан бас тартыңыз Егер үйіңізде газ плитасы болса, оны тезірек электрлі плитаға ауыстырған дұрыс. Газды сөндірген соң оның зияны ауада қалып қоятынын ескертеміз. Ауада қалған газ шөгіп, қара күйеге айналады. Әлгі күйе сіздің өкпеңізге түсуі мүмкін. Сондай-ақ, газдың жарылу қаупі зор екенін де жақсы білесіз. Тағы оқыңыздар: Жын кірген адамды қалай анықтауға болады? Күн сайын сабынмен жуынбаңыз Күн сайын сабынмен жуыныу теріңізді құрғатып жібереді. Сондай-ақ, сабынды жиі пайдалану арқылы біз терімізді инфекция мен тезірек қартаюдан қорғап тұратын қатарды да жуып тастаймыз. Аптасына 1-2 рет сабынмен жуыныңыз да, қалған уақытта тек қана сумен шайыныңыз. Сабынның орнына душқа арналған гель пайдаланған әлдеқайда пайдалы. Адреналинді көбейтіңіз «Үй-жұмыс-үй» деп жүретін жандар үшін адреналинді арттыру керек-ақ. Мұндай қызықсық график арқылы сіз өмірдің кереметтігін түсіне алмайсыз. Достарыңызбен қыдырыңыз, жұмыс пен тұрмыстағы проблемалардан әбден демалыңыз. Немесе, аттракционға барып көңіл көтеріңіз. Парашютпен секіріңіз. Мұның бәрі сіздің сергек әрі көңілді жүруіңізге әсер етеді. Шылым шегуден бас тартыңыз Темекіден бас тарту сіздің денсаулығыңызды ғана емес, экономикалық жағдайыңызды да жақсартады. Шылым шегуді доғару.

Photos 21/05/2020

КЕСЕК ЖЕГЕН ЗИЯН-----
Кесек жеуді зерттейтін ғылымды геофагия деп атайды екен. Маман­дар топырақтың құрамында болатын кремнийдің микро­элементтерге өте бай екенін айтады. Тіпті, оны ас ретінде қолданатын елдер әлі де бар көрінеді. Мысалы­, Қытай, Үндістан, Египет, Оңтүстік Америкада тұратындар кесекті аурудан айықтыратын дәрі ретінде пайдаланады. Ал мыңдаған жыл бұрын Авиценна өзінің “Канон­” атты кітабында кесектің құрамын жан-жақты талдап, жазып­ кеткен. 1884 жылы доктор С.Посадский кесек пен балшықты дәстүрлі медицинада пайда­лану туралы диссертация қор­ғап шыққан.
Айта берсең көп. Алайда қанша пайдалы тұстары болғанымен, бүгінде қаназдық, бауырдағы құрт пен бүйректегі құмның жиналуларының бәрі – кесекті жеудің салдары. Бүгінгі аналардың аңыздағыдай арыс­тан­ның жүрегі мен аюдың өтіне жерік болмай, көшеде жағалай сатылатын бір кесек топырақ пен әктен жасалын­ған борға аңсары аууы – алаңдауға тұрарлық жағдай.
Индонезиялық Табан ауылында кәдімгі топырақ кірпіш пен керамикалық өнімдерді да­йындауға жарайтын шикізат қана емес, сонымен қатар тіске басар тағамдарды даяр­лауға арналған шикізат есебінде де қолданылады екен. Топырақты асқа пайдаланудың ресми рецепті жоқ. Десе де олар алды­мен топырақты ұрғылап езіп алады да, нығыздап бір ыдысқа салады. Сосын күйдіреді. Ас дайын. Бұл “ампо” деп аталады екен. Медицинада дәлелденбеген болса да, жергілікті тұрғындар қара топырақ ауруды басып­, аяғы ауыр әйелдерге пайдалы деп санайды. Айтуларынша, болашақ нәрестенің бет-әлпеті әдемі болмақ.
Маржан апа күнделікті “Универсам” базары маңында майда-шүйде сатумен айна­лысады. Арасында кесек те бар. Иә, бұл – кәдімгі адам жейтін кесек. Оны майдалап, көлеміне қарай бағалап та қойған. Бұл ападан 10, 30, 50, 70, кейде 100 теңгеге сатылатын саз кесектің үш түрін кездестіруге болады. Алғашқы сары түсті түрі – халықтың көп тұтына­тыны. Сұранысы да жоғары. Көп саудала­натын болғандықтан, бағасы да орташа. Ал екінші қызыл түстісі – сарыдан қымбаттау. Бұл түрі көп сұраны­сқа ие болмаса да, тұрақты тұтынушылары бар. Солар үшін де әкелінеді. Үшінші көк түсті кесек – дәмі өте ащы әрі аз қолданылатындардың қатарында. ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫН ӨЗ ҚОЛЫҢДА.

#денсаулық
#жаксы

Photos 20/05/2020

Диатез – терінің аллергиялық қабыну сырқаты. Оған көбіне тектік бейімдігі бар балалар шалдығады. Бұндай тектік бейімдікті «атопия» деп атайды. Нәресте шақта атопия көбіне атопиялық дерматит түрінде көрініс береді. Оны бұрын «экссудативті диатез» деп атайтын. Атопия көптеген аллергендерге қатысты болуы мүмкін: тағамдық, шаң-тозаңдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық, вирустық аллергендер, т.б.
Диатез жүре келе аллергияның ауыр түрлеріне ауысуы мүмкін. Мысалы, аллергиялық тұмау немесе қолқа демікпесіне. Балада аллергияның бұл түрлерінің бәрі қатар жүруі мүмкін, бұл ауру түрін «аллергиялық триада» деп атайды.
Ағымы. Сәбидегі диатез оның өмірінің алғашқы айларынан басталуы мүмкін. Сырқаттың ағымы үш кезеңге бөлінеді: нәрестелік, балалық және жасөспірімдік немесе ересек кезең. Бұл кезеңдердің бәрі аурудың асқынуымен, одан соң басеңсуімен өтеді. Жасөспірім шақта балалардың көбі диатезден біржола құтылады.
Нәресте диатезі сәби өмірінің алғашқы айларынан бастап екі жасқа дейін созылады. Сулы немесе құрғақ диатез түрінде өтеді.
Диатездің сулы түрі терінің қатты қышуымен, ісінуімен, беті томпақ бөртпемен немесе көпіршіктермен көрініс береді. Бөртпелер мен көпіршіктер кейін жарылып, сулы аумақтар құрады. Ол аумақтар бетте, бөкседе, аяқ-қолда орналасады. Кейде осының бәріне инфекция қосылып, теріде іріңдіктер пайда болады.
Диатездің құрғақ түрі терінің құрғауымен, қызаруымен, кей жерде ісінуімен сипатталады. Тері бетіне қатты қышитын, сәл томпайған бөртпе шығып, қасығанда қабыршақтар мен ойық жаралар пайда болады.
Кейде диатездің құрғақ және сулы түрлері аралас болады немесе бір түрі екіншісіне ауысады.
Аурудың балалық шақтағы түрі екі жастан бастап 10-12 жасқа дейін созылады. Табиғи бүгілетін жерлердегі теріде тығыз ісік, қызару, қышитын ұсақ бөртпе, қатты қабыршақтанған жерлер пайда болады. Көбіне бұл ауру ошақтары симметриялы орналасады.
Жасөспірім шақтағы диатез көбіне 14-15 жасқа қарай мүлде жоғалады. Кей балаларда ғана ол ересек кезеңге өтіп, нейродермит деп аталатын болады. Асқыну кезінде терінің кей жерлері қатты қышиды, тері кұрғайды, бұрынғыдан гөрі қалыңдайды, тері суреті айқынырақ болады.

Photos 19/05/2020

#денсаулық
#керемет

Photos 18/05/2020

🔮Үйдегі жағдайда аяқты куту жолдарын осылай жасап көріңіз.
🔮Кунделікті аяқты жуу.
🔮Аптасына бір рет уксус пен нан содасына жуу.
🔮Чеснок байлап кою керек. 🔮Арнайы мазьін жағу керек. 🔮Аяқ киімді носкиді хлорлап жуу керек. 4 5 кунде қайтпаса врачка каралу керек.

16/05/2020

🔮Бүгінгі таңда ер азамат қандай болу керек деген сұраққа келесі кеңестеріміз жауап берсін: 🔮Әзіл-қалжыңды түсіне білу. 🔮Нәзік жандылардың жүрегін жаулап алам десеңіз, осы қасиет бойыңыздан табылсын. Күнделікті ерте тұру. 🔮Күнді ертерек бастасаңыз, атқаруға тиісті жұмыстарыңызды ерте аяқтайсыз. 🔮 Өзіңіз ұнататын сүйікті спорт түрімен шұғылдану. Сымбатыңызға дене бітіміңіз сай болсын. 🔮Тарақ. Еркектің шашы үнемі тараулы болған дұрыс. 🔮Күнделікті себетін жақсы иіссу. Иіссуыңыз арзан болмасын. Үстіңізден шығатын иіс те маңызды орында. 🔮Ыңғайлы да ықшам сұр костюм. Классикалық қара бәтіңкенің қос түрі. Түрлі түсті галстук. Галстук ерлерді іскер ретінде көрсетеді. Сапалы көк-сұр джинстің екі түрі. Мақтадан тігілген ақ жағалы жейделердің бірнеше түрі. Мүмкіндігінше әр күні әр түрлі жейде киіңіз. 🔮 Әрдайым жаңа, таза шұлық. Мұны әр жарты жыл сайын жаңартып отыру керек.🔮 Классикалық смокинг. Нағыз джентльмендер смокинг киеді. Сәнді сағаттар. 🔮Қолыңыздағы сағатыңыз да сізді сымбатты ете түседі. Әдемі көзілдірік. 🔮😁☝️Әдетте, көзілдірік адамға жақсы әсер қалдырады. 🔮Ғажап күлкі. Қыздар ерлердің күлкісінде ұнатады.
😁☝️😊👍

#еразамат
#батыр

15/05/2020

ҚЫЗДАРҒА КЕНЕС!!!!
1. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады. 2. Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз. 3. Егер шынайы дос тапсаңыз, қандай қашықтықта болса да, достық қарым-қатынасыңызды үзбеңіз. 4. Дүниеге қызықпаңыз, ол сізді бақытты етпейді. 5. Қандай жағдайға кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден іздеңіз. 6. Әжеңізбен жиі уақыт өткізіңіз, ол сізге көп нәрсе үйретеді. 7. Есте сақтаңыз: белгілі бір мәселеге тіреліп, өмір тоқтап қалмайды. Өйткені жаңбырдан кейін де күн шығады. 8. Барлық нәрсеге шайқаса берудің қажеті жоқ. 9. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, ол сіз секілді ешқашан бола алмайды. 10. Сезіміңіз соншалықты берік болса да, махаббатқа қатты берілмеңіз. Себебі сіз өз-өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. 11. Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде көмектеседі. 12. "Жоқ" деп айтудан қорықпаңыз, оның да пайдасы бар. 13. Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге тырысыңыз. 14. Жігіттердің артынан жүгірмеңіз, керісінше олар сіздің артыңыздан жүгіруі керек. 15. Жақсы сөз - жарым ырыс екенін естен шығармаңыз. Оны айтып та, қабылдап та үйреніңіз. 16. Өзгелердің де, өзіңіздің де алдыңызда адал болыңыз. 17. Жалғыздықтан қорықпаңыз. Ол өздігіңізден дамуға көмектеседі. 18. Өз сезіміңізді жеткізуден қорықпаңыз. 19. Дауласқыңыз келсе дауласыңыз, бірақ 8-ереже есте болсын. 20. Білім - керемет күш. Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңыз. 21. Егер жігітіңіздің үйінде бірде-бір кітап болмаса, теріс айналып кете беріңіз. 22. Өзіңізді қандай жағдайда да алып шығуыңыз керек. 22. Қателіктерден сабақ алатыныңызды ұмытпағайсыз. 23. Күніне бір рет болса да айналаңыздағы адамдарға жақсылық жасауға тырысыңыз. 24. Тәрбиелі жанұядан шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер айтылатын болады. 25. Тек үлкендермен ғана емес, өзіңіздің қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де сыпайы болыңыз. 26. Сіздің сөздеріңізден гөрі істеріңіз сіз жайлы көп нәрсеге көз жеткізетінін біліп жүріңіз. 27. Сезіміңізді жасырып емес, айтып біліңіз.
#кыз
#кенес

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Kyzylorda?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Website

Address


досжанов 10
Kyzylorda

Opening Hours

Monday 09:00 - 12:00
Tuesday 09:00 - 12:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 17:00
Sunday 09:00 - 17:00